Медиалигада ойнаған футболшы «Атырауға» ауысады

 | 

«Атырау» клубы қазақстандық қорғаушы Данил Цоймен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды BorodAbata.kz.

29 жастағы футболшы соңғы уақытта медиафутбол командалары — SD Family және «Впорядке Крап-Тим» сапында өнер көрсетіп жүрді.

Қостанайда дүниеге келген Цой бұған дейін өз туған командасы — «Тобылдың» қосалқы құрамында, сондай-ақ «Болат», «Қайсар», «Оқжетпес», «Қызылжар», «Тараз» және басқа да клубтарда ойнаған. Бірінші лигада чемпион атанып, екінші дивизионда күміс медаль иеленген.

Айта кетейік, «Атырау» қазіргі таңда ҚПЛ-да соңғы, 14-орында келеді. Команданың қоржынында небәрі төрт ұпай ғана бар.

(Visited 26 times, 1 visits today)
Қазақстан Футбол Федерациясы
SuperBol.KZ