Қазақстандық кәсіпкер Ибрагим Ақдрашев Instagram парақшасында «Астана» футбол клубымен ынтымақтастықты бастағанын хабарлады.
— Енді мен — «Астана» футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесімін! Клубтың дамуына атсалысуға және чемпиондарымызды қолдауға дайынмын. Алға, «Астана»! — деп жазды Ақдрашев.
Айта кетейік, 2025 жылғы мамыр айындағы Қазақстан Forbes рейтингісінде Ибрагим Ақдрашев 52-орында тұр. Оның байлығы 184 миллион долларды (93,8 миллиард теңге) құрайды. 62 жастағы кәсіпкер құрылыс-монтаж және сервис қызметтерімен айналысатын «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС-нің иесі. Компания құрылымына «CIS Kashagan» ЖШС, «КазахНефтеГазСервис» ЖШС, «Kentz Kazakhstan» ЖШС және «Батысстройконтракт ЛТД» ЖШС кіреді.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ