Урега: «Астана» жылдан-жылға күшеюде

 | 

Каунастың «Жальгирис» командасының вингері Фабьен Урега Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұхбатында Конференциялар лигасының жеребесінде «Астанаға» қарсы ойнау мүмкіндігіне пікір білдірді. Бұған дейін ол елордалық клубтың намысын қорғаған.

— «Жальгирис» несімен мықты? Шынымды айтсам, салыстыру қиын. Себебі биыл «Астананың» ойындарын қарап жүрмеймін. Бірақ бір білетінім — бұл команда жыл сайын күшейіп келеді. Балалар ұзақ уақыттан бері бірге ойнап жүр, сондықтан өзара түсіністіктері жақсы. Ал біз жаңа командамыз, сондықтан бірте-бірте ойын ырғағына енудеміз, — деді Урега.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

(Visited 8 times, 1 visits today)
Қазақстан Футбол Федерациясы
SuperBol.KZ