Екі жүзді қөзқарас па!?

 | 

QJ League Тараз қаласында үлкен мереке ұйымдастырмақ еді, деседе, Жамбыл облысының басшылығымен спорт министрлігі бұған қарсы болды.

Таразда, су тасқынының қауіпі төніп тұр, спорт шарасын ұйымдастыруға рұқсат жоқ деп түсіндіріпті. Ойынды қашанға шегіндіруге болады деген сұраққа да, мардымды жауап қатпапты.

Ал күні кеше, Тараз қаласының «Орталық стадионы» бірінші лига аясындағы ойынды өткізіп, бос стадионда 3:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Айта кету керек, бұл кездесуде былтыр QJ League үздігі деп саналған Димаш Серікұлы гол соғып, жеңіске деген өз үлесін қоса білді. Еске сала кетсек, былтыр 12 мың жанкүйер жиналған матчта да дәл осы аяқдопшы «Тараз» соққан жалғыз голдың авторы танылып еді.

Ал бүгінде, кезекті футбол мерекесін өткізу бұйырмады.

(Visited 16 times, 1 visits today)
Қазақстан Футбол Федерациясы
SuperBol.KZ